Денесін үтікпен күйдірген: Талдықорған тұрғыны әйелін аяусыз қорлаған (ФОТО)
Талдықорғанда азаматтық некедегі күйеуі мастықпен әйелін аяусыз сабап, үсті-басын үтікпен күйдірген. Денесінің сау тамтығын қалдырмапты. Телефонын тартып алып, екі күн бойы үйде қамап ұстаған. Алған жарақаттарынан келіншек бірнеше рет есінен танып тұрған. Туыстарының айтуынша, бұл жағдайға орынсыз қызғаныш түрті болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды.