1 шілдеден бастап қазақстандықтар электр энергиясының ақысын басқаша төлейді
Энергетика министрлігі электр энергиясына тарифтерді екіге бөліп тастады. Бірі ЖЭК-тен (жаңартылатын энергия көздерінен) алынған, екіншісі дәстүрлі генерациялау әдісімен алынған. Осылайша, Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтері қайта қаралды және 1 шілдеден бастап жаңартылатын энергия көздерін қолдауға үстемеақы тетігі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрлік ақпаратына сілтеме жасап.