
Бөлім заңгері Айбек Жаппаров атап өткендей, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші еңбек ақысына жауап береді.
– ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік салықтарды төлеу бойынша міндет жұмыс берушіге жүктеледі. Еңбек кодексі жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасуды негіздейді. Тиісінше, осы келісім – шартта тараптардың міндеттері көрсетіліп, зейнетақы және салық аударымдары ай сайын төленуі керек, – дейді маман.
Тиісті аударымдарсыз қалған автопарк қызметкерлері істі сотқа дейінгі тәртіпте реттеу үшін еңбек инспекциясына жүгінуі керек. Егер осыдан кейін де аударымдар төленбесе, сотқа жеке тәртіппен де, ұжымдық өтінішпен де жүгіну керек.
– Еңбек кодексіне сәйкес, әр ұйымда келісім комиссиясы құрылуы керек. Яғни, адам өтініш жазып, комиссияның жауабын алады. Егер шешіммен келіспеген жағдайда ол сотқа бере алады. Кәсіподақ ұйымы болған жағдайда іс тезірек және оңай шешіледі. Өйткені кәсіподақта тегін көмек пен кеңес беретін мамандар, заңгерлер жұмыс істейді. Мұнда өкінішке орай, кәсіподақ ұйымы жоқ, сондықтан адамдар өз мәселерін шеше алмай дал. Қалай болғанда да, қызметкер зейнетақы аударымдары мен сақтандыру медицинасы бойынша аударымдар бойынша берешек туралы анықтаманы бухгалтериядан алуы тиіс. Содан кейін тиісті органдарға жүгінуі тиіс, – деп қорытындылады Семей өңірінің салалық кәсіподақтарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Сәбит Ибраев.
Semey News



