КазахстанҚоғамТОП
Педофилді ұстау үшін 13-қабаттан секірген алматылық «Жыл полицейі» атанды
Алматы қалалық полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының криминалдық бөлім басшысының орынбасары Бақытжан Бәкіров республикалық байқауда «Жыл полицейі» номинациясында жеңімпаз атанды. Педофилді ұстау үшін 13-қабаттан секіріп кеткен тәртіп сақшысы бұл күнде «қазақстандық Бэтмен» атанып кеткен. Бақытжан Бәкіровтің ерлігіне көпшілік тәнті болды. ҚазАқпарат тілшісі оның өзінен оқиға қалай болғаны туралы әңгімелеп беруін сұрады.




