ҚазақстанТОП
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстан экономикасында шоғырланған
Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясының (бұдан былай – ТШИ) көлемі 2024 жылы 151,3 млрд доллар болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының «Әлемдік инвестициялар туралы» баяндамасында (бұдан былай – UNCTAD есебі) осындай дерек бар. Бұл көрсеткіш сырттан тартылған капиталдың ел экономикасындағы салмағын бағалауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ,шетел инвесторлары салған кәсіпорындар, өндіріс жобалары, технологиялық жабдықтар мен басқа да активтер ел экономикасында қаншалықты ықпалды екенін осы көрсеткіштен аңғаруға болады.




