Абай облысыТОП

Облыс әкімі «Канонерка-Қара-Мырза-Белокаменка» аудандық маңызы бар тас жолын көрді

Облыс әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы «Белокаменка-Қара Мырза-Канонерка» бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының жай-күйімен танысты. Ұзындығы 17 шақырымды құрайтын жол 2 мыңға жуық тұрғыны бар Канонерка және Қара-Мырза ауылдарын байланыстырады.

Бұл бағытпен Қара-Мырза ауылынан Канонерка ауылындағы орта мектепке оқушылар тасымалданады. Осы жол арқылы Канонеркадан Қара-Мырза ауылындағы мекемелерге жұмысшылар қатынайды. Қара-Мырза елді-мекенінде «Семей Орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы, орман тұқымы кешені, мектеп, медициналық пункт және кәсіпкерлік қызмет нысандары орналасқан.

Жергілікті тұрғындар «Канонерка-Белокаменка» жолының мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Қазіргі уақытта жолдың жағдайы сын көтермейді. Жолда апта сайын грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілгенімен нәтиже бермей тұр. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Есеевтің айтуынша, жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім берілген.

Жолдың жағдайын арнайы келіп көрген облыс әкімі «Канонерка-Белокаменка» жолының осы өңірдегі ауылдар үшін маңызды екенін атап өтті.

Бұл жол ауылдар арасындағы байланыс қана емес, тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Халық осы жолдың жөнделуін көптен бері күтіп жүр. Мәселені шешу жолдарын қарастырамыз, – деді аймақ басшысы.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button