ҚоғамСемейТОП

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Семейде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қызметкерлері Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Semey News.

Бұған дейін, оқу орын ұжымы ескерткіш маңындағы гүлзарларға гүл көшеттерін отырғызу акциясын ұйымдастырған. Шара– Алаш көсемі, қазақтың біртуар қайраткері Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларына құрмет көрсету әрі қаланы абаттандыру ісіне үлес қосуға бағытталды.

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы

– 31 мамыр  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Университет қызметкерлері, ұстаздары және студенттері Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоғын қойды.  Студенттердің қалауымен университет құрылтайшыларының шешімімен оқу орын болашақта Әлихан Бөкейханның есімін иеленуді мақсат тұтып отыр. Әрине, заңдық іс—шаралар жүзеге асырылады. Бірақ, ең бастысы студенттеріміздің Алиханның жолын қуып,  мықты маман болып шыққысы келетіндігі бізді қуантады ,- дейді ҚазИГЗУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Айрат Базенов.

Шара ҚазИГЗУ университетінде жалғасын тапты. Мұнда оқу орынның бастамасымен Қазақстан спидкубинг федерациясы және “MegaCube” жасөспірімдер клубының мүшелері құрастырып шыққан Әлихан Бөкейханның портрет панносының презентациясы өтті.

– Жұмыс үшін ең алдымен компьютер моделі жасалып, 12 кубикке бөлінеді.

3000 рубикті әр  блок бойынша бөліп құрастырдық. Бұл бір адамның ғана жұмысы емес, ұжымда 6 адам болды. Нәтижесінде  күндіз—түні тынбай, ұзындығы 3,5 м, ені 2,70 болған портрет панносын жасап шықтық. Көптің көңілінен шығады деген ойдамын. Бұл жұмыс университет қабырғасында 1 ай көлемінде тұрады,-деді құрастырушы Алихан Ертұрсын.

Сондай-ақ,  университет ұйымдастыруымен

«Әлихан Бөкейхан және саяси қуғын сүргін: жаңа көзқарастар мен тың пайымдаулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға алаштанушы, тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысты.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button