“Борышкер” ЖПІШ: Абай облысында айыппұл төлемеген жүргізушілерден 7 млн теңге өндірілді

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 11 наурызында Абай облысының аумағында басталды. Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура, Әділет департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, негізгі мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қабылданған қаулыларды уақтылы орындау болып табылатын рейдтік іс-шаралар өткізді.
Профилактикалық іс-шара шеңберінде әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер анықталды.
Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде борышкер-жүргізушілерден 7 млн.теңге айыппұл өндірілді. Арнайы айып тұрағына 89 автокөлік қойылды.
Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында көлік құралдарының тасқынында 300 мың теңге көлемінде өтелмеген әкімшілік айыппұлы бар “Lada 2170” маркалы көлік құралының жүргізушісі анықталды.
300-ден астам тұлғаға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі туралы хабарланды. Әкімшілік және патрульдік полиция қызметкерлері азаматтарға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 893-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулы түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның айыппұл төлеуге жататынын түсіндірді.
Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін Абай облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлеуді шақырады.
Semeynews.kz