Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап берді
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясының жұмысына қатысып, өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.