Тәуелсіздік шежіресі: 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
Тарих көші ұзақ. Ол тоқтамайды. Ал ата тарихтан қазақ нені білуі керек? Әрине, бұл жерде қазақ нені білмеу керек деген сұрақ туындамайды. Өйткені «қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ». 2015 жылы осы ұлт тарихына тағы бір мәрте тәу еткен жыл болды десек еш жаңылмаспыз. Түптеп келгенде Тәуелсіздіктің төркіні де сол тарихтан, бабалар тарихын, олардың аманатын ұмытпаудан сабақ алады.