Алты күн бойы ауырып жатқан: Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауруханаға түсті
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавируспен ауырып қалды. Ол екі жақты пневмониямен Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Бұл туралы президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.