«Пәтер де жоқ, ақша да жоқ!»: Алматылық алаяқ тұрғындарды сан соқтырып кетті
Алматыда алаяқтың арбауына түстік деген бір топ азамат шу шығарды. Сөздерінше, компания өкілі қоңырау шалып, пәтер ұттыңыз деп ақжолтай ақпар айтады екен. Артынша, мекеме шотына ақша жіберу керек дейтін көрінеді. Ойда жоқта үйлі болдық дегендердің алды 100 мың жіберсе, кейбірі тіпті 7 миллион теңге салған. Енді не пәтер жоқ, не ақша жоқ сан соғып қалдық дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.