
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, 7 шілдеде қыз бала құрбы-құрдастарымен бірге Бесқарағай ауданынан Шүлбі су қоймасына демалуға келген. Жастар суға түсуге рұқсат берілмейтін жерге тоқтап, суға шомылуға барған.
“Жағадан шамамен 20 метрдей жүзіп барып, су асты жарына байланысты су деңгейі бірден тереңдеп, қыздар суға бата бастаған. Олардың біреуін жігіт құтқарып қалды. Екінші қызды құтқаруға жанында демалып отырған ер азаматтар ұмтылды. Олар суға батқан қыздың соңынан суға сүңгіп, су тереңдігіне байланысты оған көмектесе алмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар су түбінен 20 жастағы қыздың денесін алып шықты”, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД суға түсуде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Semey News