
Жұмыс қарқыны әзірге қанағаттанарлықсыз. Жұмыстар 2020 жылы басталып, Бозтаев, Қабанбай батыр көшелеріне және әуежай жолдарына, оң және сол жағалау айырықтарына 926 заманауи энерготиімді шамдар орнатылды. Бүгінгі күні жүргізілген жұмыстарды есепке ала отырып, 3519 шам орнатылған. Бұл 1-шілдеге жоспарланған санның 74% – дан сәл асады.
Жоба аясында барлығы 196 басқару шкафын орнату және 136 көшеде 7659 шамды ауыстыру қарасатырылған. Сондай-ақ 687 бағананы ауыстырылады.
“Дегенмен, қала тұрғындарынан көше жарығына қатысты шағымдар түсуде. Тексеріс барысында тұрғындардың шағымдары орынды екеніне көз жеткіздім. Қаланың шеткі аумақтарын айтпағанда, орталықтағы кейбір көшелерде жарық жоқ. Сондықтан жаңа жарық бағаналары жарығы жоқ көшелерге орнатылып, ескі бағаналардағы шамдар ауыстырылады деген ұйғарымға келдік”, – деп қорытындылады қала әкімі.
Semey News



