Семей

[:kk]Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті[:]

[:kk]Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға бөлім басшылары, коммуналдық қызметтердің өкілдері, сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі, жол инфрақұрылымы, сумен жабдықтау, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Әрбір тұрғынның өтініші бойынша жан-жақты түсініктемелер беріліп, қала әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді мұқият қарап, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.[:]

Осы айдарда

Back to top button