ҚазақстанСайлау
ҚСЗИ сарапшысы сайлаушылар таңдауына әсер ететін негізгі факторларды атады
Қазақстандық сайлаушылар партияны таңдағанда ең әуелі сенімге, партияның танымалдығына және елдің болашағына қатысты ұстанымына мән береді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова «САЙЛАУ-2026: медиа және цифрлық платформалар» сарапшылар алаңында айтты.



