ҚазақстанТОП

[:kk]Мереке күніндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі[:]

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.

[:kk]Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр —  кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Semeynews.kz

 

 [:]

Осы айдарда

Back to top button