Президент: Медицина қызметкерлеріне төлемақы үшін Үкімет қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі
Медицина қызметкерлеріне төлемақыны жалғастыру үшін Үкімет қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Бүгін астанада «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.