ҚазақстанҚоғамТОП
Айырбастау пункттеріне 2017 жылға дейін шығарған алтын құймаларды сатып алу құқығы берілді
Бұған дейін банктік емес айырбастау пункттері тек 2017 жылы және одан кейін шығарылған алтын құймаларды халықтан сатып алып, сатып келген болатын Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыру Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес, банктік емес айырбастау пункттері 2017 жылға дейін Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған тазартылған алтын құймаларды халықтан сатып алу құқығына ие болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
