Абай облысыТОП

Абай облысының студенттері Германияда кәсіби тағылымдамадан өтеді

Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның әлемдік тәжірибесі мол «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH ELEKTROTECHNIK», «Solonex GmbH» компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында колледждің 3-курс студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері үш айлық кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама 2025 жылдың қазан айында басталады. Қатысушылар халықаралық деңгейде білімін жетілдіріп, заманауи тәжірибені меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

Тағылымдама «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Электргазымен дәнекерлеуші», «Жиһаз өндірісі» мамандықтарының студенттерін қамтиды. Бұл бастама тек Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі базасында жүзеге асырылып отыр.

Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектерге серіктес компаниялар тарапынан халықаралық үлгідегі сертификат табысталады. Бұл құжат түлектердің болашақ кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button