ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді

Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша туристік-рекреациялық аймақтарда орналасқан барлық демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілді. Бірақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, термометрия, маска тағу тәртібі және әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуы тиіс.

– Мониторингтік топтар «ASHYQ» жобасына қатысушы кәсіпкерлік объектілерге рейдтер жүргізетін болады. Сондай-ақ аталған жобадан шығарылған нысандардың қызметін заңсыз қайта бастауға жол бермеу үшін оларды ерекше бақылауда ұстайды, – делінген құжатта.

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілердің кіреберісіне келуші статусын анықтау үшін «ASHYQ» мобильді қосымшасының арнайы QR-кодын сканерлеу және көрсету шартымен ғана жіберіледі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button