Абай облысы

[:kk]Өңірде шағын және орта бизнестің саны 54 380 -ге жеткен Абай облысында шағын және орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау қарқынды жүзеге асырылуда[:]

[:kk]Осы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің саны 54 380 құраса, оларда 103 952 адам жұмыс жасайды екен. Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриалық – инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов мәлімдеді.

— Биылғы жылдың қорытындысы бойынша айтатын болсақ облыстағы бөлшек тауар айналым көлемі 528 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 12 %-ға өсті. Ал, көтерме сауда айналым көлемі 336 млрд теңгеге жетіп, оның өсімі өткен жылмен салыстарғанда 9%-ға ұлғайды, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Рүстем Ворошилов Абай облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 100,3 %-ды құрағандығын атап өтті.

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін магазиндерден, базарлар мен ірі сауда объектілеріне дейінгі бағаларды қарайтын 252 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2022 жылы Үкімет резервінен өңірлік тұрақтандыру қорын жасау үшін 2 млрд теңге бөлінді. Соның 1,3 млрд теңгесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына форвардтық шарттар жасалды, — деп атады спикер.

Ағымдағы жылы облыстағы өнеркәсіп орындары 1,8 трлн теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарған. Бұл Республикалық өндіріс көлемінде 4 % құрап, былтырғы жылғы қаңтар-қараша ай аралағындағы деңгейіне қарағанда 100,2 % деп бағаланыпты.

— Облыстың өнеркәсіп өндіріс құрылымында ең үлкен үлес салмағы (69,2%) тау-кен өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға тиесілі. Осы жылы өңдеу өнеркәсібі қаңтар-қарашада 495 млрд теңгеге өнім өндірді. Өткен жыдмен салыстырғанда 98 %-ды құрады. Машина жасауда 16 %, тамақ өнімдерін өндіруде 4 % көбею байқалды, -деп қорытындылады Рүстем Ворошилов.

Semeynews.kz

 [:]

Осы айдарда

Back to top button