Абай облысыТОП

Қарабұлақ ауылында мал қорымының құрылысы аяқталды

Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылында мал қорымының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жұмыстарды «СемСтройПут» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады, ал жобалық қадағалауды «Кербұлақ-Құрылыс» ЖШС жүзеге асырды.

Жаңа қорым мал өлекселерін залалсыздандыру және жою үшін заманауи «биотермиялық шұңқырмен» жабдықталған. Кешен барлық қажетті заттармен: арнайы киіммен, дезинфекциялық құралдармен және өлексені тексеруге арналған арнайы бөлмемен қамтамасыз етілді.

Бұл шаралар санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button