Абай облысыТОП

Абай облысындағы жылу желілерін қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

⚡️Абай облысындағы жылу желілерін қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді.

🔼Соның ішінде М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі концерт залы мен су желілерінің құрылысы,  жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары зағиптар ауданындағы су желілерінің құрылысы, «Орталық» жылу қазандығынан тарайтын  магистральдық желілерді, сондай-ақ бірнеше елді мекендегі жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көзімен көрді.

Димитрий Гариковтың назарынан «Мәңгілік Ел» көшесіндегі абаттандыру, «Спартак» стадионындағы құрылыс, Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолының құрылысы тыс қалған жоқ.

Қалаішілік жұмыс сапарының қорытындысында   мердігерлерге жұмыстарды уақытында және сапалы аяқтауға тапсырмалар берілді.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

Осы айдарда

Back to top button