ҚоғамСемейТОП

Бүгін елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілуде

Атаулы күнге орай, Семейдің белсенділері қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қаншалықты мереке туралы білетіндіктерін тексеріп көрді, деп хабарлайды Semey News.

– Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтілуде. Біз қала тұрғындарының бұл мереке туралы білетіндігін анықтап, ҚР Мемлекеттік рәміздері күні туралы ақпаратты таратуға өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Өкінішке орай, Кеңес заманындағы адамдар мереке туралы аз біледі. Жастардың көпшілігі бүгінгі мереке патриоттық сезімді оятатын, рәміздер күні екендінін бірден айтты, – дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі, “Шамшырақ” клубының мүшесі Мереке Алмұратов.

Акция аясында қатысушылар еліміздің туын орталық алаңға алып шықты. Сондай-ақ, өтіп  адамдарға күнтізбелер, тақырыптық кітаптар мен жалаушалар таратылды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button