Абай облысыТОП

[:kk]Абай облысында «Мейірім» акциясы іске асырылуда[:]

[:kk]Абай облысында 2024 жылдың ақпан айынан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қолдау үшін «Мейірім» акциясы жұмыс істеп келеді.

Акцияны өткізудің мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің баламалы нысандарын насихаттау, сондай-ақ әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсету үшін бизнес сектор өкілдерін тарту.

Бұл акция балаларға әлеуметтік дағдыларды алуға, дос табуға, көмектесуге, кеңес беруге, таңдау кезінде бағыттауға және алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Анықтама: облыста барлығы 221 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button