Абай облысыТОП

[:kk]Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды[:]

[:kk]Абай облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Отырысқа басқарма басшылары, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары және органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында денсаулық сақтау саласы мен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың орындалуы туралы мәселелер талқыланды.

Қоғам белсенділері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы және азық-түлікті бақылауға қатысты сұрақтарын қойды.

Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Айта кетейік, ведомствоаралық комиссия жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізіп, өз жұмысын жалғастыруда.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button