Абай облысыБілімТОП

[:kk]Абай облысында 44 мыңнан аса оқушы мемлекеттік тілден емтихан тапсырады[:]

[:kk]Биыл алғаш рет 5-8 сынып, 10-сынып оқушыларына қазақ тілінен аралық емтихандар өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев баяндады, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Қазақ тілінен аралық емтихандар өткізудің негізгі мақсаты — білім алушылардың қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау. Облыс бойынша 44 мыңнан астам оқушы мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Сонымен қатар 27 -31 мамыр аралығы және 26- 30 тамыз аралығында жазғы мектеп жұмыс істейді. Ол негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8 және 10-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылмақ. Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі, — деп атап өтті спикер.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында электронды форматта өтеді, түлектер ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Екі талпыныс та мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға жарамды.

  • Биылғы оқу жылында жоғарғы оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді 4 615 түлек тапсырмақ. Өту күнін, уақытын және орнын бітірушілер ҰТО-тың порталында өздері таңдайды. Сондай-ақ 1 сәуірден 31 тамызға дейін 1-сыныпқа өтініш қабылдау жүргізілуде. Болжам бойынша 1-сыныпқа 10 718 бала қабылданбақ,- деді Нұржан Ахметқалиев.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button