Абай облысыҚоғамТОП

[:kk]Абай облысында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды[:]

[:kk]2024 жылдың 15-16 мамыр күндері Абай облысында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖ департаментінің ақпаратына сәйкес оқу-жаттығу барысында басқармалар, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындық мәселелері пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.

Облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button