Абай облысыТОП

[:kk]Абай облысында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді[:]

[:kk]2024 жылғы 15-16 мамырда Абай облысының аумағында «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.

Абай облысы ТЖ департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button