КазахстанОбществоТОП

[:kk]Назарбаев әуежайында екі рейстің уақыты шегерілді [:]

Елордада Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында екі бірдей рейстің уақыты шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

[:kk]

Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мәлім етті.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екі әуе рейстің кешігіп жатқанын хабарлайды. Нұр-Сұлтан – Түркістан бағытындағы рейс кесте бойынша таңғы сағат 9.05-те ұшып шығуы керек болған. Техникалық себептерге байланысты жоспарланған резервтік әуе кемесінің жеткіліксіздігінен сағат 20.10-ға дейін кешігеді.

Сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы рейсі әуе кемесінің кешігіп жетуіне байланысты 16.30-ға шегерілді. Жоспарланған уақыты сағат 14.05 болатын», — деді әуежай өкілі.

Semey News

[:]

Осы айдарда

Back to top button