Абай облысы

[:kk]Абай облысының Бородулиха ауданындағы жағдай туралы ақпарат[:]

[:kk]Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріген су келген.

Осыған байланысты, Мир көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің 2 аула учаскесі су астында қалды.

Қазіргі уақытта ЖАО күштері мен құралдарынан 4 адам және 2 бірлік техникасы, «Гордорстрой» ЖШС 6 адам және 3 бірлік техникасы еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстарын жүргізуде.

Осымен бірге еріген су Семей-Петропавловка — РФ шекарасы автожолы төсеніші арқылы құйылды, аталған жолда көлік құралдары үшін қозғалыс жабық.

Автокөлік жолы мен топырақ бетіне қауіп жоқ.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button