ҚоғамМерекеСемейТОП

[:kk]Семейдегі Шығыс кентінде Наурыз мейрамы тойланды[:]

[:kk]Бүгін бүкіл елімізде Әз Наурыз мейрамын тойлау басталды. Семейде Наурыз мейрамы қала шетіндегі 5 ауданда атап өтілді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Солардың бірі № 45 жалпы орта білім беретін мектептің ауласында өтті. Жергілікті тұрғындарды қала басшылығы келіп құттықтады. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жиналғандарды көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Іс-шара аясында түрлі спорттық жарыстар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер өтті.

Бұл күні мереке қонақтарына сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды, онда жергілікті қолөнершілер өз туындыларын ұсынды: мұнда әр түрлі көрпелер, тұрмыстық заттар және барлық керек-жарақтар қойылған.

Сондай-ақ , қалалық мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, арқан тартыш, асық ойыны және басқа да ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Шығыс кентінің тұрғындарының ұйымдастыруымен ақ дастархан жайылып, наурыз көже мен бауырсақтар таратылды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button