
[:kk]18 наурыздан бастап «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша теориялық емтихан Папанин к-сі 34А мекенжайы бойынша қабылданады. Естеріңізге сала кетсек, бұрын теориялық емтиханды Момышұлы көш. 22 мекенжайы бойынша қабылдаған.
Өтініш беру үшін қызмет алушының өзімен бірге келесі құжаттары болуы шарт:
— Кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы Диплом немесе шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды аяқтағаны туралы куәлік (анықтама);
— №073 нысан бойынша Медициналық анықтама;
— 2,5 x 3,5 см екі фотосурет;
— Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде қызмет алушыға құжаттың дайындығы туралы SMS-хабарлама келеді. Дайын құжатты ХҚКО — дан алуға болады.
Semeynews.kz[:]


