Абай облысыТОП
Абай облысының әскерилері ШҚО-ға су тасқынының алдын алуға көмектеседі
Шығыс Қазақстанға Семей қаласындағы ТЖМ 68303 әскери бөлімінен қосымша 50 адамнан астам әскерилер барды.
Олар жағдайды мониторингілеу және су тасқыны орын алған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына бөлінеді.
Онда бүгінгі күні ең көп қар қоры тіркелген: Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі 126 см, таулы аудандарда 138 см. Күршім ауданында – 100 см.