Абай облысыҚоғамМерекеТОП
Абай облысының әкімі аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Салтанатты шараға облысқа қарасты қала мен аудандардан жалпы саны 80 мұғалім, мемлекеттік қызметкер, әлеуметтік сала маманы қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өңір басшысы мерекелік жиында Нұрлан Ұранхаев жаңадан құрылған облыстың дамуына әйел азаматшалардың үлесі зор екендігін атап өтті.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан алғыс хаттар табыстады.
Облыстық филармония және қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы жиналған қауымға мерекелік бағдарлама ұсынды.
Semeynews.kz