Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Егінсу орта мектебінде “Гүл сыйлайық анаға” атты мәдени шара өтті

2024 жылдың 5 наурызында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылындағы Егінсу орта мектебінде “Гүл сыйлайық анаға” атты мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мәдени шара еңбек ардагерлері мен әр салада қызмет атқарып жүрген мектеп түлектерін ұлықтау, үлгі етуге арналды.

Арнайы шақырылған Лақбаева Күлбаран апа бірнеше жыл жүк машинасын тізгіндеп,Егінсу өлкесінің әр соқпағында еңбек жолын қалдырған жан. Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен әкесі Қойшыбаев Найманбайды іздестіріп, әке мен анасына үлкен құрмет көрсеткен ана.

Шенгелбаева Бикамал – ұлағатты ұстаз, таңдаған мамандығы мақтанышы, оқушылары әр салада қызмет атқарады, шәкірттеріне адамгершілік пен елге сүйспеншілікті қалыптастырған ана. Немересі әжесіне деген сүйіспеншілігін арнайы өлең жолдарымен білдіріп, гүл шоғын сыйлады.

Күнтішева Камаш – апаның табиғат, тіршілік әлеміне алғыс айтудан бастаған сөзі, қоршаған ортаның әсемдігін сақтауға, қорғауға шақырды.

Абишева Ғалия Тынышбекқызы – жерлесіміз, журналист Тынышбек атаның жеке мұрағаттарының сақтаушысы. Журналистің жазбаларында бүкіл Егінсу өлкесінің тарихи деректері сақталған деуге болады. Ғалия мұражайға құнды құжаттар сыйлады.

Сыдықова Рашида – адамгершілік пен кішіпейілділік туралы әңгімесі өте жылы қабылданды. Өмірдеректерінің үлгі аларлық жағы мол ,аяулы ана,әже.

Жанұзақова Гүльнара – мектеп түлегі, қоғамдық тәртіп қызметкері. Білімді, мәдениетті Гүльнараның ойлы сөздерінің өнеге алатын жақтары көп болды.

Оралтай Темірханқызының туған еліне,жеріне деген құрметі ерекше. Ауыл мәдениетінің көркеюіне қосқан үлесі мол. Ел берекесін көрсететін, бірлік,адамның бір-біріне деген қамқорлығын айтқан мысал әңгімесі өте әсерлі болды.

Сыдықова Бақыт – осы шараға Астана қаласынан арнайы келіп, естеліктерімен бөлісті. Жолдасы Баянбай екеуінің енбек жолдарын баяндады.

Тулепова Күпан – еңбекшіл, мейірімді ана,ауыл шаруашылығының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар жан.

Алғыс пен құрметтің барлығына лайықсыздар! Немерелеріңіздің сіздерге сыйлаған ән шумақтарының тізбегі үзілмесін,отбасыларыңыз аман болсын! Сіздерге мың Алғыс!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button