[:kk]«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы[:]

[:kk]Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асыру барысы туралы облыстың Құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков баяндап берді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай өңірінде 2025 жылға дейін 65 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның 15 дәрігерлік амбулатория, 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 40 медициналық пункт.
Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Қалған 64 нысанның эталондық жобаларын жобалық-сметалық құжаттамаға байланыстыру жұмыстары аяқталды.
Басты міндеттердің бірі медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелеріне қосу. Ол үшін аудан әкімдіктері жобалық-сметалық құжаттама әзірледі. Бүгінде 43 жобаның сараптамасына оң қорытынды алынды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және жіті бақылауда.
Semeynews.kz[:]


