Семей

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар атап айтқанда табиғи апаттар қаупі қоғамды алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Осындай қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында Семей қаласындағы әскери емханада төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары бойынша кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты – адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету және емхана мамандарына қауіпсіздік туралы шараларды қаперлеріне салу. Кездесу барысында әскери емхана қызметкерлеріне облыстық ТЖБ-ның мамандары әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде жасалатын іс-қимыл барасы түсіндірілді. Іс-шара барысында облыстық ТЖБ-ның аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Дәлелхан Аханов әртүрлі орын алатын апатты жағдайларда ең бастысы үрейге салынбау керектігін атап өтті.

— Кез келген ғимаратта өрт жағдайлары орын алуы мүмкін. Ондай кезде үрейге, дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтаған жөн. Ең бастысы оттың үдеуіне жол бермеу үшін терезені ашпау керек. Өрт сөндіру құралдарын пайдалана білген де дұрыс. Сыртқа шығу қосалқы есіктерін біліп, сол арқылы таза ауаға шығу керек, — дейді Дәлелхан Аханов.

Кездесу барысында төтеншеліктер ойлап тапқан «Қауіпсіздік әліппесі» атты қосымша таныстырылды. Арнайы банерде жер сілкінісі мен өрт шыққан жағдайларда әрекет ету барасы 4D форматында бейнеленген. Ол арқылы ұялы телефон камерасын банерге жақындатқанда қандай іс-қимылдар жасалу керектігі анимация арқылы түсіндіріледі.

Іс-шара барысында облыстық ТЖБ-ның мамандары әскери емхана қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, мұндай басқосулардың маңызы туралы кеңінен тоқталып өтті.

 Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button