[:kk]2024 жылы Абай облысында «Күміс жас» жобасы аясында 972 адамды жұмыспен қамту жоспарланған[:]

[:kk]Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті және қатысу кезеңі кеңейтіліп, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар қатысуға мүмкіндік алды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өткен жылы Абай облысында 896 адам аталған жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылды.
Жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша жұмыс берушілерге субсидиялар төленеді.
Субсидиялар мөлшері:
— жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70% — ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
— жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% — ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);
— жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% — ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
Ағымдағы жылы «Күміс жас» жобасы аясында 972 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Жобаға қатысу үшін жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына жүгінуге немесе Enbek.kz — электрондық еңбек биржасы порталы арқылы өтінім берулері қажет.
Semeynews.kz[:]


