Абай облысы

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

2023 жылы облыс орталығына 187 млрд теңге инвестиция тартылған

Облыстың экономикалық көрсеткіші қысқа мерзімде 107,5% жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция 141,2% өсіп, 475,1 миллиард теңгені құрады. Бұл инвестицияның қомақты бөлігі, яғни 187 миллиард теңгеден астамы немесе 39,4% Семей қаласына бағытталды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қала халқымен кездесуінде айтты.

Құрылыс саласы ең үлкен өсімді 130% көрсетті, бұл өсімнің 42% қаланың үлесіне тиді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 110,3%-ға өсті, оның 56%-ы Семей қаласында.

✅Өнеркәсіп өнімдері 109,2%-ға өсті, шамамен 32%-ы қала кәсіпорындарында өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 488 миллиард теңгеге жетіп, оның 12,4% қала аумағына тиесілі.

Айта кетсек, орташа айлық жалақы 17,6% өсіп, 292,8 мың теңгеге жеткен.

🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі

Осы айдарда

Back to top button