Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП
[:kk]Семейде Республика күніне орай әскери флешмоб өтті[:]

[:kk]
Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының орталық алаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған музыкалық флешмоб өтті, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мерекелік іс-шараға 90 сарбаз, оның ішінде әскери оркестр қатысты. Арнайы флешмоб кезінде сарбаздар сап түзеп, шеруге шығып, үйлесімді іс-қимылдар көрсетіп, әнұран орындады.

Әскери бөлімнің майоры Болат Айткалиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі.
Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай 200-ден астам мерекелік іс-шара өтетін болады.
Semeynews.kz[:]


