Абай облысыҚоғамМерекеСемейСпортТОП

[:kk]Семейде Республика күніне орай киокушинкай каратэден Семей қаласының Чемпионаты өтті[:]

[:kk]Аталмыш іс-шара Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында болды. Әр түрлі жастағы балалар өз бақтарын сынап өнер көрсетті, — деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жас спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылып, татамиде қыздар және ұлдар командасына бөлінді. Жас ерекшеліктері 3 жастан 16 жасқа дейін.

«Бүгін Семей қаласында киокушинкай каратэден Республика күніне орай қалалық чемпионат өтіп жатыр. Бұл чемпионат Аренада өтетін Республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып табылады» — деді, Абай облысы бойынша Киокушинкай карате директоры Гүлнар Советовна.

«Чемпионат өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, 300-ден астам спортшы қатысуда. Алдағы уақытта бүгінгі іріктеуден өтіп, Республикалық чемпионатқа қатысатын балаларға сәттілік тілеймін!»-деді, Жагирхан Сатыбалды.

Іріктеу кезеңінде бақ сынаған спортшылардың үздіктері анықталып, арнайы марапаттау қағаздары мен медальдар табысталды.

Татамида өнер көрсеткен спортшыларды қолдау мақсатында марапаттау салтанаты шағын концертік бағдарламамен аяқталды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button