Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

«Ерте диагностика сәтті емдеудің кілті болып табылады»: инфекционист менингит ауруы туралы айтты

Менингит – мидың жұмсақ қабықшаларының қабынуын тудыратын ауру. Көптеген адамдар медициналық көмекке кеш жүгінеді, себебі, олар аурудың алғашқы белгілерін тұмау немесе ЖРВИ деп ойлап қателеседі.

Қазіргі уақытта өңірде жұқпалы ауруларға қатысты жағдай тұрақты. Бірақ маусымдық жағдайларға байланысты менингит, ішек және энтеровирусты инфекциялар сияқты аурулардың көбеюі байқалады.

Дүниежүзілік менингит күніне орай біз облыстың бас балалар инфекционисті Имдат Эфендиевпен аурумен қалай күресуге болатынын және оның алдын алудың неліктен маңызды рөл атқаратынын түсіну үшін шағын сұхбат жүргіздік.

Имдат Эфендиев, менингит деген не және ауру әсері мен белгілері қандай?

💬 Әрине, менингит – ми мен жұлынды қоршап тұрған қабықшалардың қабынуы. Оған әртүрлі инфекциялар себеп болуы мүмкін. Менингит қызу, бас ауруы, құсу сияқты ауыр белгілермен сипатталады. Бұл ауру жедел араласуды талап етеді, өйткені ол есту қабілетінің жоғалуы мен ақыл-ойдың тежелуін қоса алғанда, ауыр асқынуларға, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Менингиттің қалай алдын алуға болады және қандай емдеу әдістері бар?

💬 Менингиттің алдын алудың негізгі жолы – жеке гигиена ережелерін мұқият сақтау. Өйткені, 80% жағдайда серозды менингиттің таралуына ықпал ететін энтеровирустар. Сондай-ақ, іріңді менингит – мидың шырышты қабатына әсер ететін қабыну ауруы. Бұл жағдайда зерттеу үшін алдымен жұлын пункциясы жасалады, содан кейін дегидратация терапиясы жүргізіледі. Біз медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық көмекті (тексеру, емдеу, дәрі-дәрмек) көрсетеміз.

Инфекционист ретінде Дүниежүзілік менингит күніне байланысты не айта аласыз!?

💬Менингиттің ауыр ауру екенін түсіну маңызды. Егер сіз менингит белгілері байқалса дереу маманға хабарласыңыз, себебі өздігінен емделуге болмайды! Ерте диагностика сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады және асқыну қаупін азайтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button