Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында екі ауылдық округке интернет желісі тартылды

Абай ауданының Саржал және Медеу ауылдық округтеріне интернет желісі тартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ауыл тұрғындары ендігі уақытта емін-еркін интернет желісіне қосылып, алыс-жақыннан жылдам хабар ала алады.
Келесі кезекте ағымдағы жылдың қараша айына дейін Тоқтамыс, Архат, Орда ауылдарында интернет желісі қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта антенна-мачталық қондырғыны орнату жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекетіміздің қолдауының арқасында бүгінгі таңда ауылдық округтерге жақсы жағдай жасалуда.
Толықтай интернетпен қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.
Semeynews.kz