Абай облысыҚоғамТОП
[:kk]Абай облысына ҚР Көлік министрі келді[:]

[:kk]ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен Жарма ауданының Қалбатау ауылында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Синьсинь» және «Ситик Констракшн» мердігерлік ұйымдарымен бірлесіп көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сапар барысында министр «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автожолдардағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Көшпелі жиын барысында құзырлы министрлік мердігер компанияларға жұмыс қарқынын арттыру, қысқы күтімге дайындық, келесі маусымға құрылыс материалдарын дайындауды тапсырды.
Semeynews.kz[:]


