Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да күнделікті рейдтік шаралар жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

Риддер қаласында 2021 жылғы 21 мамырда 5 рейд жүргізілді. Мониторингтік топ 74 нысанды тексерді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Курчатов қаласында 31 кәсіпкерлік нысаны тексерілді, бұзушылықтар жоқ.

Бесқарағай ауданында мониторингтік топ 6 тексеру жүргізді, тексеру 20 нысан қамтылды.

Глубокое ауданы бойынша 18 рейд жүргізілді, 135 нысан тексерілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Абай, Аягөз, Зайсан, және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button