КазахстанТОП
1 шілдеден бастап мемлекеттік органдардың жұмысында не өзгереді
1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің басты нормалары жайында Шымкент қаласына сапармен келген Мемлекет басшысының көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова қала активімен болған кездесуде айтты. ҚазАқпарат бұл туралы шаһар әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
