Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысының аудандарында деструктивті идеологияның әсері туралы айтылды

Абай облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысы мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары аясында Қоғамдық даму басқармасы қызметкерлері Жарма, Аягөз және Үржар аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барып, бірнеше кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап, айтқанда, Аудандық полиция бөлімдерінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар-кеңестер ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты қоғам арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру және мұндай ағымдардың қауіптілігін түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында Қоғамдық даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, бас маман Мағжан Құрманов және Абай облысы дін мәселерін зерттеу орталығының басшысы Мақсат Омирханов, «Аманат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог-маманы Елдос Байжұманов тарапынан, мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді. Кездесу соңында мамандар құқық қорғау мамандарын толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, арнайы жұмыс тобы аудандардағы төмендегідей діни бірлестіктердің жұмыстарымен танысты:

  • ҚМДБ Абай облысы филиалының Жарма, Аягөз, Үржар аудандық және Мақаншы өңірлік өкілдіктері;
  • Шар қаласындағы «Қасиетті Михаил Архангел римдік католиктік шіркеуінің қауымы» діни бірлестігі;
  • «Салем Аягөз» Евангель христиан баптистері діни бірлестігі;
  • «Үржар ауылының Свято-Ильинский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі;

Аталған кездесулер барысында қоғамдағы тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтауда діни бірлестіктердің өзара әрекеттесу мәселелері және «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заң нормалары талқыланды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button