Семейде Ертіс өзеніне жеткіншек батып кетті

Ертіс өзеніне 2016 жылы туған бала батып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың 21 сәуірінде сағат 19:56-да “112” пультіне Аквапарк ауданында баланың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына құтқару бөлімшелері шықты. Куәгерлердің айтуынша, 2016 жылы туған бала өзен жағасында ойнап суға түсіп, жоғалып кеткені белгілі болды.
Іздестіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД 20 адам 6 бірлік техника және 3 жүзу құралы,”LIDER.KZ” еріктілер қозғалысының еріктілері 20 адам 7 бірлік техника , туыстары 10 адам, 3 бірлік техника, полиция қызметкерлері 50 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Бүгін сағат 9:45-те баланың денесі оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс өзенінің жағасында өтіп бара жатқан адамдар тапты.
Semeynews.kz